Бүгін "KAZsport" арнасы өз жұмысын бастады

Бүгін "KAZsport" арнасы өз жұмысын бастады

Бүгін 1 шілдеден бастап еліміздегі тұңғыш спорт телеарнасы "KAZSport" өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Телеарнаның ашылу салтанатына қазақстандық спорт жұлдыздары мен ардагерлері, шенеуніктер және қоғам қайраткерлері келді. Спорт және денешынықтыру Агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың сөзінше, бұл телевизиялық жоба отандық спорт трансляцияларын жаңа деңгейге көтеруге сеп болмақ.   

Ал кешке келген ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин былай деп тілек білдірді: "Өзің қатысқан кез-келген мемлекетте болып жатқан жарыста отандастарыңның теледидардан қолдау көрсетіп отырғаны қандай жақсы. Жаңа арна біздің спортты дамытуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. "KazSport" - Қазақстан спортшыларының жеңісін хабарлаушы арна болсын деп тілеймін". 

Айта кетейік, қазірдің өзінде арнаның жаңа ұжымы дебютті трансляцияны анықтап та үлгерді. Арна тәулігіне 20 сағат жұмыс жасамақ. Ондағы спорт оқиғаларының 70 пайызы Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен таратылатын болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ©vesti.kz

Б. Қосмағамбет