«Адасқандар» – еліміздегі алғашқы фантастикалық комедия

Жақында 31 телеарна "Адасқандар" деп аталатын фантастикалық комедия жанрында түсірілген телехикаясын көрермен назарына ұсынбақ. Түсірілімі әлі де жүріп жатқан телехикая әрқайсысы 24 минутқа созылатын 20 сериядан құралған. Негізгі сюжет – басты кейіпкерлердің уақыт порталы арқылы осыдан 500 жыл бұрынғы кезеңге өтуі. Яғни Қазақ хандығының құрылған кезеңіне. Сол кезеңде қызықты оқиғаларды бастан кешіріп, елінің болашағына әсер ететін әрекеттер жасайды. Массагет порталының ұжымы түсірілім алаңына барып, жоба продюсері, режиссері және актерлерімен сұхбаттасып қайтты. Назарларыңызға сұхбаттың видеонұсқасын ұсынамыз.