Қазақстандық фильм – "Әміре". Премьера!

Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында "Әміре" көркем фильмі көрсетіле бастады. Режиссер Джефф Веспаның туындысы 2017 жылғы елімізде өткен EXPO-2017 көрмесіне орай түсірілген. Алайда, қаржылық тапшылықтарға байланысты қалың жұртшылық назарына кешігіп ұсынылып жатыр. Десе де, ештен – кеш жақсы. Массагет тілшілері фильмнің премьерасына барып, Әміре Қашаубаев рөлін сомдаған Санжар Мәди, Мұстафа Шоқай рөліндегі Еркебұлан Дайыров, фильмнің бас кеңесшісі Жарқын Шәкәрім және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының пікірлерін алып, арнайы видео дайындаған болатын. Назар салыңыздар.