"Джунгли кітабы" фильмі қазақшаға қалай дубляждалды?
"Джунгли кітабы" фильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартқанын хабарлаған едік. Әлемге әйгілі кітап желісі бойынша түсірілген бұл фильмнің оқиғасы қасқырлар арасында өскен адам баласы Мауглидің айналасында өрбиді. Оның қасқырлар ортасынан кетуге мәжбүр болуы, бас жауы Шерханмен күресуі, достары Багира мен Балумен бірге шытырман оқиғаларға тап болуы — америкалық режиссер Джон Фавроның осы туындысынан көрініс алған. Ал "Айтылған кейіпкерлерді қазақша сөйлеткен кімдер?" деген сұраққа жауап іздеген жанның назарына арнайы дайындалған видеоны ұсынбақпыз. Бұл видеодан "Джунгли кітабы" фильмі қазақшаға қалай дубляждалғанын біле аласыздар.