Индира Елемес - Маған уақыт бер

Уақыттың қадірін білетін, оның әрбір минутын бағалайтын жандардың бірі спортшылар екені рас. Олар үшін жеңіс тұғырынан көріну мен қанжығасының майланбауы санаулы секундтардың еншісінде. Сондықтан әрбір сағатты тиімді пайдалануға тырысады. Спортшылардан басқа жандар өзінің күнделікті жоспарларын белгілі бір уақыттарға бөліп, әрбір күнінің тиімді өтуіне мүмкіндік жасайды. Кейбір бабы мен бағы қатар шауып, сәттілігі мәрені бірінші кескен жандар өздерінің белгілі бір межеге дейін ғана өмір сүріп жатқанын естен шығарады. Алайда, уақыт қажетін алмай қоймас. Бүгінгі Индира Елеместің "Маған уақыт бер Тәңір" атты жаңа бейнебаяны бай жігіттің ажалмен тұспа-тұс келгенде еске алудан басқа амалы жоқ екені бейнеленген.