КешYOU - Рухты ару

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының жетекшілігімен жұмыс істеп жүрген "КешYOU" тобы бүгінде ел эстрадасынан ойып орын алды десек те болады. Жаңа құрамның аруларын халық әлі жеке әнші ретінде танымаса да, Мөлдір, Жанар, Айдана мен Кәмшат есімі бүгінде өздерінше бір-бір төбе болып қалыптасты. Мұның бәрі әрине мол еңбек пен зор шыдамдылықты талап еткені анық.

Ал, кейінгі құрам әзірге атылған оқтай алға қадам баспаса да, қаз-қаз басып өнерлерін ортаға салудан жалығар емес. Өзіндік стилі бар бұл топ аруларының бойынан ән айтумен қатар тамаша синхронды би өнерін көруге де болады. Құрылғанына көп болмаса да топ өзінің тағы бір жаңа бейнебаянын халыққа тарту етті. "Рухты ару" деп аталатын әннің сөзіне мақтау айтылып, керемет пікірлер жазылды. Ал, бейнебаянның көрінісі халықтың ойынан сәл өзгерек болған екен. Сонымен біреуге жақсы, біреуге жағымсыз клип сізге қалай әсер етті?