Руслан Кулиманов - Маған естіледі

Өмірде әркім әр түрлі жол тауып, болашақта өзіне ұнаған не бұйырған саланың маманы болады. Ол таңдау қандай болмасын, көңілінен шығып, бар ынтасымен жасаған адам басқалардың сөзіне құлақ аспайды, не айтатына мән бермейді. Себебі, олар  өз жұмысын сүйетін жандар. Бүгінгі таңда көптеген жастар ән айтуға асық. Оған түрлі клиптер түсіріп, ертерек танылудың жолын іздейді. Бірі шынымен халықты тәнті етсе, енді бірі жай ғана жылы жауып қояды. "Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін" деген көненің сөзі бұл сөзімізге куә шығар бәлкім. Жастардың арасынан суырылып шығып, үлкен сахналардан бой көрсетуді арман еткен Руслан Кулимановтың "Маған естіледі" атты бейнебаянын тамашалаңыздар.