Saltiss - Сен мені ізде

Ақ боз ат мінген ханзаданы кездестіру, әр арудың арманы. Онымен бірге болып, бір жастықта қартаю және ең бастысы той көйлегін киіп құлпырған кезде, қасындағы сүйіктісінің сезім алауын шашып тұрған жанарын көру, тіпті, ең көп ойлайтын жұмысы десек те болады. Дәл осы тұста "Saltiss" есімді сұлудың "Сен мені ізде" атты көңілді әрі жеңіл әнін тамашалаңыздар. Қорқақ жігіттердің намысын қайрау үшін қаймықпаған әншінің бейнебаянына назар аударыңыздар.