Нұрсұлу Шалтаева - Қараторғай

Ақан серінің Құлагер деген тұлпары болғанын білетіннің бәрі Қараторғай атты бүркіті болғанын біле бермес. Осы бір қыранға деген махаббаты ыстық болғаны соншалықты, құсы өлерінде "Қараторғай" деп ән шығарып кеткен екен. Бұл ән атадан балаға мирас болып осы күнге дейін шырқалып келеді. Өзінің дауыс ырғағына келтіріп, тембрін дұрыс қоя білген Нұрсұлу Шалтаева Ақан серіден қалған алтын әнді орындап шыққан екен. Назарларыңызда қимастықпен қоштасқан "Қараторғайға" арналған ән.