"Денар" тобы - "Отаным"

"Отаным" деп аталатын әнді жігіттер квартеті жаңа құраммен орындайды. Құрылғанына 6 жыл болған топтың репертуарындағы "Отаным" әніне әнбаян жасау жұмысын клипмейкер Ален Ниязбеков қолға алыпты. Әннің әуенін Мақсат Жәутіков жазса, сөзі - Досым Қалмырзаға тиесілі. Түсірілім жұмыстары Қапшағай қаласындағы әскери қалашықтардың бірінде өтті. Клип түсіруге алты мың доллар қаржы жұмсалған.