Tarkan - Aşk Gitti Bizden

Талайды таңғалдырған түркиялық әнші Таркан жөнінде көп естілмей кетті. Бұл жігіттің де еткен еңбегі артта қалып қойған секілді көрінеді. Алайда түрік жұртын дүр сілкіндіріп, делебесін қоздырып әлі де болса өзінің бар екенін мойындатып, жаңа әндер жазып керемет бейнеклиптер түсіріп жүргенін бірі білсе, біріміз білмейміз. Сол себепті әншінің "Aşk Gitti Bizden" (Махаббат бізден жоғалды) әніне түсірілген су жаңа бейнебаянын назарларыңызға ұсынбақпыз.