Америкалықтар найзағайды соғысқа пайдаланбақ

Америкалықтар найзағайды соғысқа пайдаланбақ

Америкалық әскерилер жасап шығарған жаңа қару - найзағай. Міне, осы қарумен дұшпанның тығып қойған жарылғышын немесе қорғаныс техникаларының көзін құртып жіберуге болады. 

Дни.ру интернет-газетінің жазуына қарағанда, лазердің көмегімен аспанда арнайы канал түзіледі. Әлгі каналдың бойынан электрлік зарядтар өтіп, нәтижесінде дұшпанның танкісі мен жарылғыш заттарының көзін жойып жібереді. Зерттеушілердің сөзіне сенсек, электрлік зарядтар жерден гөрі аспанда әлдеқайда артық жұмыс істейді әрі тиімді әдіс болып табылады. 

Болашақта аталған қаруды соғыс алаңында шақыруға болады. Американың әскерді құралдандыру мен дамыту және зерттеу орталығының бас маманы Джордж Фишердің айтуынша (Пикатини әскери базасы, Нью-Джерси штатында зерттеу өтуде), жаңа қару найзағайдың ерекше физикасын пайдалана алады. 

Біз білгендей, осы бір электрлік заряд найзағайлы бұлт пен жердің екі аралығында түзіледі. Және еш қарсылық көрместен жүріп отырады. Ескере кетеніні, бағытталған нысанаға жету үшін жасанды жол құрылады.

Сурет: riddlesblog.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига