Су добы. Испания Бразилияны айқын басымдылықпен ұтты

Алматыда су добынан Әлемдік лиганың супер финалы өтіп жатқандығын айтқан болатынбыз. Чемпионат аясында кеше Бразилия мен Испания құрамалары кездесіп, ойын испандықтардың пайдасына 8:3 есебімен аяқталды. 

Испания құрамасы ойын бастала салысымен тізгінді өз қолында ұстап, есеп айырмасы бойынша бразильдіктерден сытылып алға шықты. Осылайша, Испания ойын соңына дейін көшбасшылығын сақтап қала алды. 

Сонымен: 

В тобы. Бразилия - Испания - 3:8. 

Бұған дейін В тобындағы Хорватия мен Австралия арасында ойында Хорватия құрамасы  14:11 есебімен жеңіске жеткендігін айтқан едік. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©tengrinews.kz