Қайсар Қуаныш – Ақ көйлегің

Басқа екен қарауыма қарауың-ай,

Алыс екен қалауымнан қалауың-ай.

Қиялдап жүргеніме өкінем де

Қия алмай қаламын-ай.

 

Жерге тиіп ақ көйлегің

Сызылып-ақ биледің.

Ал бізді тағдыр келіп

Екіге қақ бөледі.

Ұштың ба Астанаға

Аруы Ақтөбенің?!

 

Жерге тиіп ақ көйлегің,

Ақ көңіл ақ гүл едің.

Көлімде шалқып жүзген

Аппағым аққу едің.

Ал мен біз жайлы шаң басқан фильмде

белгісіз актёр едім...

 

Бақытты боп жаным күн кеше бер.

Қасыңда сенің енді кім жүрсе де.

Ақ көңіліңе қара дақ түспесін,

Ақ көйлегің кірлесе де.