Aldaspan - Sen

Жұлдыздай жарқыра,
Алаулап жалындашы.
Тұлпардай арқыра,
Қиынға бағынбашы.
Алға бас адымдашы,
Мәңгі болашақ алдыңда.
 
Сен жарық күндерге,
Тарықтым деме,
Жалын от кеуде.
Сен үмітті үзбе,
Қыста, жаз, күзде,
Жарықты ізде.
 
Жұлдыздай жарқыра,
Алаулап жалындашы.
Тұлпардай арқыра,
Қиынға бағынбашы.
Алға бас адымдашы,
Мәңгі болашақ алдыңда.
 
Сен қайратың бойда,
Жалының қайда?
Болашақты ойла.
Сен жалғызбын деме,
Толқысын әлем,
Сенімен бірге.