Бруно жайлы айтпаймыз ("Энканто")

Walt Disney Records "Энкантоның" бірегей саундтрегін ұсынады. Музыкалық релиз құрамына 44 композиция енді, оның ішіндегі 6 әнді Лин-Мануэль Миранда ("Моана", "Мэри Поппинстің оралуы") жазған. Әндердің қазақша нұсқасын жазуға атақты актерлер мен әншілер қатысты: Назерке Серікболқызы, Жанат Шайқы, Ғалия Оразова, Айнұр Мұратова, Данияр Өтеген және басқа да орындаушылар. Назарға жылдың танымал саундтрегі болған "Бруно жайлы айтпаймыз" әнінің қазақша нұсқасын ұсынамыз.

Бруно жайлы айтпаймыз,
Жоқ, жоқ, жоқ!
Бруно жайлы айтпаймыз!
Бірақ, 
Үйленген күніміз,
(Екеуміз үйлендік)
Мұнда бәрін дайын еді, 
Дала да жайнап құлпырған.
(Ашық аспан, құлпырған)
Бруно келді жымыңдап сыртымнан.
(О, иәәә)
Жағаласпай тұршы сен, былай
(Кешір мені, енді айта ғой)
Бруно жаңбыр жауады деді,
(Соны бекер айтты)
Соған менің ашуым кеп,
(Қолшатыр қайда?)
Тойымыз өтті солай, 
Бруно жайлы айтпаймыз,
Жоқ, жоқ, жоқ!
Бруно жайлы айтпаймыз!