Балжамал – Төрлет наурыз!

Бар қазақты бақытты еткен,

Қыз көзіндей жақұт көктем,

Әнсің, наурыз.

Батыр күннің басын қосқан,

Шаттығымен шашуласқан,

Сенсің, наурыз.

Көңілінің шамын жаққан,

Өмірінің бабын тапқан бабам сенен.

Қоңыраулы күміс көктем,

Дастарқанын ырысты еткен анам сенен.

 

Қ-сы

Құрметтейміз кел, төрлет, наурыз,

Қасиетті думансың нағыз.

Бабамыздың жанындай таза,

Даласындай кеңпейілді наурыз.

 

Туыстықтың күймесіндей,

Ар-ұяттың бейнесіндей, көркем наурыз.

Рухымызды өрлете бер,

Тәнті қылып төрлете бер, ерке наурыз.

Бір-біріне сәлем еткен,

Барша қазақ әуен еткен, дала жырым.

Гүл қаптаған сұлу көктем,

Жақсылықтан ырым еткен, жаңа жылым.