Назар Серік - Солған гүл

Тағы да алдадың,
Мен үшін жаңалық емес.
Жанымда қалмадың,
Ойымда жанарың елес.
Сөзіңде тұрмадың,
Ұмыту сені оңай емес.
Қарада тұр жаным,
Бұл әлі соңы емес.

Қайырмасы

Сен біреу үшін отсың,
Отсың, отсың, отсың.
Ал сен мен үшін жоқсың,
Жоқсың, енді жоқсың.
Сен біреу үшін күнсің,
Күнсің, күнсің, күнсің.
Ал сен мен үшін кімсің,
Жай бір солған гүлсің.

Махаббат алдамшы,
Сезімге сенім қалмады.
Тағы да сүюге,
Сүюге төзім қалмады.
Жүрегім жаралы,
Жанарым жасқа толады.
Мен сені ұмытам,
Бәрі де жақсы болады.