Ұланғасыр Қами - Ару

Ғаламның бар сұлулығы тал бойыңа сыйған ба?
Дүниенің бар мөлдірін жанарыңыа құйған ба?
Жер жаһанның бар жылуын жүрегіңе жиған ба?
Сен бар кезде әрбір күнім айналады мейрамға.

Ай мүсін ару,
Сен сондай тәтті, тәттісің.
Елең қаққан жаным, көрікті мүсін.
Бағым болып қоншы қолыма құсым.

Құлағымнан кетер емес еркелеген наз үнің,
Балдай тәтті қылығыңмен баурап алдың, нәзігім.
Осыншама сұлулықты сүйгенім бе жазығым менің
Өзің болсаң арманым не маңдайдағы жауым.