Жолдасбек Абдиханов & Индира Елемес – Сен де білдің

Соңы қалай боларын

Сен де білдің.

Соңы қалай боларын

Мен де білдім.

Сенсін, жүрек сенбесін

Қайта бақыт келмесін,

Сен де білдің.

Мен де білдім.

 

Көздеріңнен білдім, білдім, білдім,

Мені арбағаныңды.

Сөздеріңнен білдім, білдім, білдім,

Мені алдағаныңды.

Сұрадым тілсіз.

Жыладым үнсіз.

Сені өзгені

Білдім, білдім, білдім

Тандағаныңды.

 

Өзіңді-өзің алдаумен

Сен де жүрдің.

Үмітімді жалғаумен

Мен де жүрмін.

Өкініш боп өткен күн

Келмейтінің көктемнің

Сен де білдің,

Мен де білдім.

 

Көздеріңнен білдім, білдім, білдім,

Мені арбағаныңды.

Сөздеріңнен білдім, білдім, білдім,

Мені алдағаныңды.

Сұрадым тілсіз.

Жыладым үнсіз.

Сені өзгені

Білдім, білдім, білдім

Тандағаныңды.



Бөлісу: