Ернар Айдар - Есімде

Тағдырдан таптық жеңіліс мен де, сен де,
Жүректі уақытпен алдап емдесең де.
Мен саған әлі ғашықпын сенбесең де, жаным.

Есімде, есімде бәрі-бәрі есімде.
Сырласқан сәт көктемнің кешінде.
Сағыныштың самалы есуде.

Өшірме, сен де жүрегіңнен өшірме.
Келсек те мейлі қандай шешімге,
Сезімнен жасалмайды көшірме.
Сенен басқаны сүйсем кешірме.

Махаббат кейде күрсінтіп,
Сүйгенге сезім үні естілмейді.
Шын ғашықтардың жүрегі ескірмейді, жаным.

Есімде, есімде бәрі-бәрі есімде.
Сырласқан сәт көктемнің кешінде.
Сағыныштың самалы есуде.

Өшірме, сен де жүрегіңнен өшірме.
Келсек те мейлі қандай шешімге,
Сезімнен жасалмайды көшірме.
Сенен басқаны сүйсем кешірме.



Бөлісу: