Индира Елемес - Балбөбегім

Бүгін сен келдің өмірге,
Тәп-тәтті балбөгім.
Өзіңмен сәнді менің де
Мәнді әлемім.

Арайлы дара таңым,
Кішкентай балапаным.
Уыстап бақыт сыйлар,
Сенің алақаның.

Жаныма шуағын төгіп, күнім, сен,
Өзіңе ғаламды еліктірдің сен.
Алаулап жылытып менің кеудемді
Екінші жүрек боп соғып тұрдың сен.

Көңілді көкке алып ұшарым да сен,
Біздегі бақыттың нышына да сен.
Бүр жарып анаңның құрсағынан сен
Қош келдің әкеңнің құшағына сен.

Тіліңнен айналайын,
Үніңнен айналайын.
Сүйкімді періштедей,
Түріңнен айналайын.

Жаныма шуағын төгіп, күнім, сен,
Өзіңе ғаламды еліктірдің сен.
Алаулап жылытып менің кеудемді
Екінші жүрек боп соғып тұрдың сен.

Көңілді көкке алып ұшарым да сен,
Біздегі бақыттың нышына да сен.
Бүр жарып анаңның құрсағынан сен
Қош келдің әкеңнің құшағына сен.