Аида Байгелова - Сағынбадым демеші

Сен білесің бақытым жалғандығын,
Жалған бағым құласын жардан бүгін.
Үнсіздіктің үзе алмай әлі келем,
Үмітіме байланып қалған гүлім.

Қайырмасы

Сен ұғасың ұйқысыз таңым барын,
Жұбаттым-ай жүр екен жаныңда кім?
Тым болмаса түсіме кіргеніңде,
Сағынбадым демеші, сағынғаным.

Сен сезесің, жанымның жылағанын,
Жылай берсін күліп-ақ тұра аламын.
Себебі сен барсың ғой, барсың білем,
Жүрегімен түсінер бір адамым.