Beibit Korgan - Bir Alem

Лайықтымын ба сүюіңе?
Сенің жауабың қиын мүлде,
Ерекшемін бе, жоқ сен әлде?

Бір ғана қадам, аттауым саған
Шексіз әлемде.

Бір сұрақ әлі жүрегімде
Маза бермейді сенесің бе?

Нық өзгеруге, сөз беруге,
Дайынмын бірақ,
Тағы сол сұрақ
Сүйесің бе?

Қайырмасы:
Саған шын сезім ұнай ма?
Ұнаттың мені солай ма?

Біздерде кейде бөлек әлем,
Қосамыз оны махаббатпен,
Жақындап келем саған қарай,
Бізде бір әлем, жетеді саған қалай?

Лайықтымын ба сүюіңе?
Жауабың сенің жүрегіңде
Шегіне берме, үміт үзбе,
Жүрегім менің, бар үміттерім
Өзіңмен бірге.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту