Сиви Махмуди - Біз біргеміз

Өмір өкіндірсе де, артқа шегіндірсе де

Тоқтамай жүрші тек алға!

Алда бақытың әлі саған күліп тұр,

Әне тоқтамай жүрші тек алға.

Қайырмасы:

Тағдыр сынап тұрса да, жүрегім жылап тұрса да,

Өмір жалғасын табар өкінбей.

Арман мың алдаса да, бақыт жырақ қалса да, 

Өкінбе, берілме, жеңілме!

Өмір, мұны өмір дейді, досым.

 

Жалған арбаса да арман алға басады,

Тоқтамай жүрші тек алға.

Көзің жасқа толса да, жаның жаралы болса да, 

Тоқтамай жүрші тек алға.

Қайырмасы:

Тағдыр сынап тұрса да, жүрегім жылап тұрса да,

Өмір жалғасын табар өкінбей.

Арман мың алдаса да, бақыт жырақ қалса да, 

Өкінбе, берілме, жеңілме!

Өмір, мұны өмір дейді, досым.