Әmre - Ұлға өсиет

Жігерің мықты азамат бол

Батыр деп елі сүйетін.

Адамды сыйлап ардақ тұтып,

Аллаға басын иетін.

Жаныңды қиып елің үшін

Түсе біл барлық сынаққа.

Тұлпардан мейлі құласаң да

Еліңнің туын құлатпа.

Қайырмасы

Айтайын ұлға өсиет

Аллаға ғана бас и деп.

Кетпесін бойдан

Әкеден қалған қасиет.

 

Алдыңда талай бұралаң жол

Жете біл барлық мұратқа.

Адалдық ардың жүгі деген,

Адамдығыңды жоғалтпа.

Алысқа кетпе ағайыннан

Сыйлай біл туыс жақынды.

Ойыңнан мүлде шығармай жүр

Айтылған барлық ақылды.

Қайырмасы

Айтайын ұлға өсиет

Аллаға ғана бас и деп

Кетпесін бойдан

Әкеден қалған қасиет.