Серік Ибрагимов – Әкем-Анашым

Әкем-Анашым,

Сендерсіңдер мәңгі қолдаған.

Көрсеткен дәйім,

Бұл өмірде тура жол маған.

Балам деп барым,

Бағам деп жанын қинаған.

Қабыл алыңдар,

Алғысымды әнмен жолдаған.

(Қайырмасы)

Әкем – айбыным,

Анам – ай-күнім,

Көрмеңдерші сендер қайғы-мұң.

Қос шынарымсың,

Қос шырағымсың,

Бойымдағы қос тұмарымсың,

 

Әкем-Анашым,

Жанарымның ақ пен қарасын.

Сүрінсем жазған,

Дұғасымен жанның жарасын.

Балам деп бағым,

Балам деп барын жинаған.

Қазыналарым,

Көктен биік сендер дара шың.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту