«Назар» тобы – Назарың керек

Қайырмасы: Сенің маған әрқашанда
Назарың керек
Жүре бергім келеді, өзіңе еркелеп
Сенің маған әрқашанда
Назарың бөлек
Бір өзіңді ғана қалайды ғой жүрек

Тезірек сезін тезірек
Көңіліңді бөл көбірек
Ерейікші көңілге жүрек
Келші-кел тезірек

Байланды санамыз
Сезімнің отына
Күйеміз, жанамыз

Сенімен бірге төңірек
Өзгеріп мүлде түрленеді
Жаныма жеңілдеу керек
Келші-кел тезірек

Жақындап арамыз
Тұңғиық сезімге
Біз батып барамыз

Иә солай сезім күйдіреді екен
Құлай сені сүйдіреді екен
Солай, солай, солай

Қайырмасы

Иә талай сезім құбылады екен
Талай тағдыр жолығады екен
Қалай десең дағы жауабы жоқ
Сезімдегі тылсым қалайды екен

Иә солай сезім күйдіреді екен
Құлай сені сүйдіреді екен
Солай, солай, солай

Қайырмасы