Эпизод тізімдері

"Массагет" аялдамасы

Негізгі / Айкерім Қалаубаева – Қыздар-ай

Айкерім Қалаубаева – Қыздар-ай

Қыз деген қырдың қызыл қызғалдағы
Өмірдің сырлы сымбат сұлу сәні
Бұраң бел оймақ ауыз қызыл ерін
Жігіттің ойлайтыны бір арманы
Қыздардың теңдесі жоқ бір асыл зат
Ежелден бағалаған оны адамзат
Қыздарға әсемдікті сыйға тартқан
Ерекше мүсін берген бұл табиғат

Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай

Қыз емес қыздың аты қызыл алма
Сұлулық әсемдікті жиған бойға
Ай қабақ алтын кірпік қиылған қас
Қыздарды ұқсатамын туған айға

Жезтаңдай күсміс күлмей сырғалым-ай
Майысып қалшы бір тұрғаныңда-ай
Жәутеңдеп қарағанда бойым балқып
Білемін махаббатқа тұрғаным-ай

Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас ақ маңдай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай

Тегтер: Айкерім, Қыздар ай,

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан ҚажиевАслан Қажиев
Қосылған күні:17 желтоқсан 2019, 17:19
Тегтер:Айкерім, Қыздар ай,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.