Ағайындылар – Мода

Сән әлемі күн сайын өзгеретіні мәлім. Оның үстіне бір кезде сәннен шығып қалған тауар біраз уақыт өскен соң қайта айналып сәнге енетіні де бесенеден белгілі. Оған дизайнерлердің қиял кеңістігі тарлығы ма әлде осындай шарттары бар ма – оны кім білсін. Осы жағдайды әні мен бейнебаянына арқау еткен «Ағайындылар» тобының жұмысы сәтті әрі көңілді шыққандай. Қазақ қыздарының еш сәнге ермейтін, өзіне тән модасы бар екенін де баса айтқаны қуантады.

Фасоны ерекше, заманы бөлекше,
Горохтан мини көйлек киген қыздар қайда?!
Шаштарын қиған, бұйралап жиған
Платформа бұл ішімен көрік берген бойға

Бір кездегі брек стильдер
Бренд-тренд сол ма?
Трапеция, кала-калалар,
Мода болған ол да.

Fashion-ге жинап,
Жаңалық сыйлап,
Оралды бәрі де
Айналып сәніңе.

Мода – әлемді жаулайды,
өшпейтін мода.
Бұл өмірдің ғажабы – сұлу мода.

Мода – көздерді байлайды,
тамыршы мода,
Шын көңілдің ажары сұлу мода.

Бұл өмірдің ғажабы – сұлу мода.
Шын көңілдің ажары сұлу мода.

Дизайн ерекше, стилі бөлекше,
Сәукеле, шаман, камзол оюлары – мода.
Бұрымы өрілген, сұлу боп көрінген,
Білезік, сақина мен сырғалары – мода.

Ни кисе де қазақ қызына
Жарасады ол да,
Өзіне тән барлық әлемнің
Модасы бар қолда.

Fashion-ге жинап,
Жаңалық сыйлап,
Оралды бәрі де
Айналып сәніңе.

Мода – әлемді жаулайды,
өшпейтін мода.
Бұл өмірдің ғажабы – сұлу мода.

Мода – көздерді баурайды,
тамыршы мода,
Шын көңілдің ажары сұлу мода.

Бұл өмірдің ғажабы – сұлу мода.
Шын көңілдің ажары сұлу мода. 3 рет