Эпизод тізімдері

"Массагет" аялдамасы

Негізгі / Ұшқын Жамалбек - Мен қазақтың баласы

Ұшқын Жамалбек - Мен қазақтың баласы

Мекені Алтай Атыраудың арасы,
Тау бауыры өзен-көлдің жағасы.
Жастайынан жеті атасын жаттаған, сақтаған,
Тегі мықты мен қазақтың баласы.
Жау қолынан жыртылмаған жағасы,
Ат үстінде ғұмыр кешкен бабасы.
Теуіп қалса, темір үзіп кететін,
Қайсар туған мен қазақтың баласы.

Қайырмасы:

Жаратқан Алла – панасы,
Бесігі – байтақ даласы.
Алашым деп аттанса, 
Ешкімнің келмес шамасы.
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, толғаған
Танысаңдар мен қазақтың баласы.

Жасытпаған дұшпанының жаласы,
Жыр-термеден табылатын дауасы.
Жанын берер, барын берер ел үшін, жер үшін,
Сертке мықты мен қазақтың баласы.
Топқа түссе, тақым қысар анасы,
Тулап кетсе, тасты үгітер тағасы,
Ел сенімін, ер сенімін ақтаған, сатпаған
Отты жүрек мен қазақтың баласы.

Қайырмасы:

Жаратқан Алла – панасы,
Бесігі – байтақ даласы.
Алашым деп аттанса, 
Ешкімнің келмес шамасы.
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, толғаған
Танысаңдар мен қазақтың баласы.

Тегтер: Ұшқын Жамалбек, Мен қазақтың баласы, текст, мәтін

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget Massaget
Қосылған күні:16 қараша, 09:07
Тегтер:Ұшқын Жамалбек, Мен қазақтың баласы, текст, мәтін

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.