Эпизод тізімдері

"Массагет" аялдамасы

Негізгі / Гүлнұр Оразымбетова – Сенің киген ақ көйлегің

Гүлнұр Оразымбетова – Сенің киген ақ көйлегің

Қазақтың қобыз аспабын наисхаттаған әнімен танылған Гүлнұр Оразымбетова бүгінде ұзатылғалы отырған қызға арналған әдемі әнімен қайта жарқ етті. Кішкене кезінен көйлекке құмар боп өскен қыз баланың әйелдік энергетикасы мықты болады. Жат жұрттық қыз баланың мақсаты ұясынан абыроймен ұшып, барған жерін бақытты ету.

Ата-ананың алақаны
Жанға жылу таратады.
Бой жетіпті бүгін міне,
Кіп-кішкентай балапаны.
Теңеген соң сені гүлге
Мұң болмасын көңіліңде.
Сенің киген көйлегің де,
Аппақ болсын өміріңде.

Қайрмасы:
Көркіңе күн таласады,
Шырқағаным тау асады.
Сенің киген ақ көйлегің,
Тек өзіңе жарасады.

Өмір – айдын, жүз, қарағым,
Ізі болып ізге ананың.
Барған жерді бақытты ету –
Мақсаты ғой қыз баланың.
Махаббатқа толсын далам,
Шапағатты болсын ғалам.
Ұясынан ұшқалы тұр,
Қиясына қонсын аман.

Тегтер: Гүлнұр Оразымбетова, Ақ көйлегін киген қыз, Сенің киген ақ көйлегің, текст песни, сөзі, әннің сөзі

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел АсановаӘсел Асанова
Қосылған күні:02 қараша, 22:22
Тегтер:Гүлнұр Оразымбетова, Ақ көйлегін киген қыз, Сенің киген ақ көйлегің, текст песни, сөзі, әннің сөзі

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.