Orynkhan - Menimen bol

Назарыңызға Orynkhan атты орындаушының "Menimen bol" әніне түсірілген клипі мен ән сөзін ұсынамыз.

Білмедік не боларын
Екеуміздің арамызда.
Сезімдер толқыны,
Білмедік кеше біз
Ем табарын жарамызға
Күлкінің жанары,
Өмірлік ұстанымдарың
Мені жаулап.
Ғажайып әсерде қалдым
Мен бірақ.

Қайырмасы:

Менімен бол,
Күнде сансыз айтып әңгімеңді
Айтқызып сол.
Сенің сүйген ескі әндеріңді
Жанымда бол.
Ренжітсем де сені айлы түнде
Менімен бол.

Күндер өтіп, сұрақтар
Қалмады ғой арамызда.
Жатталып қылығың,
Түнде де сырларың
Тоқтамады жанартауға.
Өмірдің қызығын,
Өмірлік ұстанымдарың
Мені жаулап.
Ғажайып әсерде қалдым
Мен бірақ.