Дельфиндер жайлы қызықты деректер

Назарларыңызға ең әдемі, ең ақылды балық - дельфиндер жайлы қызықты деректер ұсынамыз. 
Дельфиндер жалғыз өмір сүрмейді.  Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар. Ежелгі Грецияда дельфин өлтіргендер ауыр жазаға тартылатын болған. Гректер оларды "әулие балық" деп атайтын болған.  Плиний, Геродот, Аристотель, Элиан секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, достығын және адамгершілігін сипаттаған.  Түрлі дельфиндердің суреттері теңізден қашық орналасқан Иорданияның Петра қаласында да кездеседі. Дельфиндер тістерін тек құрбанын ұстап қалу үшін пайдаланады, алайда қорегін шайнауға қолданбайды. Себебі оларда жақ бұлшық еттері жоқ. Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады.  Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді. Деьфин шығарған ауа жылдамдығы сағатына 160 километрден асады.  Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады.  Дельфиндер сонымен қатар Жер шарының магнит өрісін жол ретінде қолдана алады. Сондыққтан кейбір ғалымдар дельфин меендеген жағалаулардың магниттік өрісі жоғары болу мүмкіндігін айтады.  Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады. Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин даусын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады.   

Сурет: zooclub.ru