Серік Ибрагимов – Ғаламтордағы қыз

"Вокзалда қауышқан қыз" әнімен шығып елді шулатқан Серік Ибрагимовтың бүгінде әр салған әні хитке айналады. Жуырда ғана "Ғаламтордағы қыз" әніне бейнебаян түсіріп, ғаламның торына шырмалған қыздарымызға арнау айтқан екен. Әр сөзі орынды. Кезінде бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналардың қыздары бүгінде ғаламды телефонмен тербетуден ары аса алмай отырғаны үлкен мәселеге айналды. Серік Ибрагимов бұл әнімен бір қыздың санасын оята алса, мақсатқа жеткені.