Сəкен Майғазиев – Жүрегімнің ішіндегі жүрегім

Барша қазақтың сүйікті әншісі Сәкен Майғазиев күзде жаңа бейнебаянын жарыққа шығарып қуантты. Әнсүйер қауым тек жаңа клип үшін қуанған жоқ, махаббаттың, шынайы махаббаттың бар екенін, ұзақ өмір сүретінін көріп қуанды. Сіз де көріп, көңіліңізді бір жадыратып алыңыз. Сүйген жанын үнемі тосын сыйлармен қуанту тек жастық шақтың қызығы емес. Жаны махаббатқа толы жан ата-әже болған кезде де сол сезімі суымайды, қайта қатайып, тереңдей түседі.