Бауыржан Бимахан – Бір жол

"Қандай сұлу", "Кетпейді", "Жаным, оралшы" әндерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Бауыржан Бимахан тыңдарманын тағы бір жаңа әнімен қуантып, оған клип түсіріп те үлгерді. Әнінің де, бейнебаянының да сапасы жоғары деңгейде жасалған. Тойға шығып ән айтпағандықтан, "жер өртемегендіктен" атағы "жер жармай жатқаны" болмаса, сапалы дүние іздегендердің сұрананысын қанағаттандырарлық ән.