Дәурен Қыдыров – Сені сағындым

Қазақ эстрадасы қазіргі күнде той мен махаббат әндеріне толып кеткендігі рас. Қайсібір әншінің соңғы репертуарларын ақтарсаңыз күйген, сүйген, ұнатқан, ұмытқан сынды ұлы сезімнің әрбір құбылысын әндеріне арқау етіп жатқандығын білеміз. Бүгінгі Дәурен Қыдырыв есімді әнші де "Сені сағындым" деп, жүректің қылын шертер сағыныш әнін орындаған екен. Тек бейнебаянын ерекше көріністермен көмкерген әнші бірден көрерменді өзіне тартып әкетеді. Осындайда "Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат, таусылмайтын әңгіме" деген тіркес тура келетіндей. Сонымен жаңа әнді керемет көңіл күймен тамашалаңыздар.