Қуандық Рахым - Ай жүрегім...

Дауысы өзге жұлдыздардан ерекше Қуандық Рахым "Ай жүрегім" атты әніне жаңа бейнебаян түсірді. Нәзік дауысты әншіні тыңдаған уақытта көз алдыңызға бірден Нұржан Қалжан келеді. Студия ішінде түсірілген бейнебаянда тек әншінің өзін ғана көруге болады. Жағылған шырақтардың қасында отырған Қуандық әртүрлі ракурста өзінің сымбаттылығы мен келбеттілігін көрсете білген. Жүректі дір еткізер әннің көрінісі қандай болғанын бағамдап, өздеріңіз бағасын берерсіздер.