Нұржан Керменбаев - Сенсіз жүрек

"Қап-қарашка" есімімен қазақ жұртына таныс Нұржан Керменбаев "Safa" студиясының түсірген "04:29" филімінің соундтрегін орындаған екен. "Сенсіз жүрек" деп аталатын әуезді әннің шыққанына аз уақыт болса да, көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Клиптің негізгі желісі киноның үзінділерінен құралған. Қазақ жастары асыға күткен фильмнің премьерасы да көп ұзамай жарыққа шықпақ. Ал әзірге Нұржанның қоңыр дауысымен киноның үзінділеріне назар аударыңыздар.