Ақылбек Жеменей - Мұнайшылар

Қазақстанның батыс өңірі қара алтынға бай екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ел экономикасының тұрақты болуына өз үлесін қосып тұрған мұнайлы мекенде қаншама адам маңдай терін төгіп жұмыс жасап жатқаны тағы бар. Ауырдың астымен жүріп, төрт мезгілде де тоқтамай дамылсыз жұмыс істеп жатқан жандардың еңбегі шынымен де қиын екені естілгеннен-ақ сезіліп тұрады. Осындай қайратты жандарға, еліміздің танымал әншісі Ақылбек Жеменей "Мұнайшылар" атты тамаша туындысын арнаған екен. Мұнайлы өлкеде түсірілген бейнебаян қызығы мен қиынын қатар көрсете білген.