Мәдина Сәдуақасова - Жүрегіме бағынбаймын

"Қазақстан дауысы" жобасының әділқазы мүшесі Мәдина Сәдуақасованың жаңа әндері соңғы уақытта сирек шығатын болған. Онымен қоса жаңа бейнебаян түсіру әзірге жоспар күйінде ғана секілді. Алайда, жарқ етіп тамаша әндерімен халықтың жүрегінде қалған Мәдина Садуақасованы тыңдарман қауымы іздейтіні рас. Сондықтан алда әншінің жаңа бейнебаян түсіруге намысын сәл де болса қайрау үшін "Жүрегіме бағынбаймын" атты тамаша бейнебаянын сіздердің назарларыңызға ұсынбақпыз. Сапаға аса мән беретін өнер адамының болашақта одан да керемет бейнебаяны жарыққа шығады деп ойлаймыз.