Alem Band - Пай-Пай

Ауылдың өмірі, тұрмыс тіршілігі бүгінгі қала тұрғындары үшін қызық екені жасырын емес. Мал бағып, су тасып таңның атысынан күннің батысына дейін екі қолға бір күрек алып тыным таппайтын жандарды сыртынан бақылау да керемет әсер сыйлайды. Осы тұрғыда ауылдың түрлі жағдайын көпшілікке таныстыру барысында көптеген фильмдер мен клиптер жарыққа шыққаны бәрімізге белгілі. Жаңадан құрылған "Alem Band" тобының жігіттері де "Нысана" әзіл-ысқақ театрының директоры Әбунасыр Серіковты өздерінің жаңа бейнебаянында ойнатып, көріністің образын аша білген екен. "Пай-Пай" деп аталатын туындының басты рөлінде үш жігіт бір үйдің үш сұлуына ғашық болғаны туралы көрсетіледі.