Windows XP-ге қызмет көрсетілу тоқтатылды

Windows XP-ге қызмет көрсетілу тоқтатылды

7 сәуірден бастап Microsoft компаниясы Windows XP жүйесіне қызмет етуін тоқтатты. Бұл дегеніміз, егер сіздің компьютеріңіздің операциялық жүйесі Windows XP болса, енді онда туындаған қателіктер мен жаңартуларды Microsoft компаниясының ресми сайтынан жаңарта алмайсыз, яғни олар бұл кемшіліктер үшін жауап бермейді. Windows XP жүйесіндегі компьютерлерге қауіп төнді, сондықтан операциялық жүйеңізді Windows 7 немесе Windows 8-ге жоғарылатуыңыз керек.

Ал, Windows XP жүйесін әрі қарай пайдаланбақ болсаңыз, маңызды құжаттарыңызды ғаламтордағы файл сақтау дисктеріне немесе өзге қатты дисктерге жазып алыңыз және антивирус бөлшектерінің ең жақсыларын, соңғы нұсқасын пайдаланыңыз, оны жаңартып отырыңыз.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: interfax.by

M. Auelkhan