Қырғыстандағы сел / Қаза тапқан қазақ балалары

28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын жауып, Ош облысының Науқат ауданында жойқын сел тасқыны болды. Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше тасқын салдарынан барлығы сегіз адам опат болған. Олардың алтауы – 8 бен 19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Науқат ауданында сол күні төтенше жағдай режимі жарияланды. Қаза тапқандар арасында қазақ балалары да бар. Толығырақ бейнесюжетте. 



Бөлісу: