Алматыдағы кептеліс: Жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Алматылықтарды шаршатқан кептеліс. Жол жөндеу қашан аяқталады? Қыркүйек айында жаңа оқу жылы басталып, студенттер Оңтүстік Астанамызға ағылғанда тұрғындар бұрын-соңды көрмеген кептеліске тап бола ма? Әкімдіктің жауабы Массагет арнасында.

Негізгі магистралды көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бекітілген уақытынан ерте аяқталады, Абай және Әл-Фараби даңғылдарында жөнделетін бірнеше бөлік қана қалды деп сендірді әкімдіктің баспасөз қызметі. Ал жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 20-шы тамызға дейін аяқталады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен бітті. Енді жөндеу солтүстік бөлігіне ауысты. Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Ал шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейінгі соңғы бөлік жөнделмек.

Естеріңізге саламыз, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер бар. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары, ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады. Ел жаңалықтарынан құлағдар болу үшін біздің арнамызға тіркеліп, лайк басып, видеоны бөлісуді ұмытпаңыз!



Бөлісу: