• 453.22
  • 503.11
  • 4.95

2000-ға жуық адам жер астында өмір сүріп жатыр. Кубер-Педи қандай қала?

2000-ға жуық адам жер астында өмір сүріп жатыр. Бүгін Аустралиядағы жерасты қаласы туралы деректерді бөлісетін боламыз.

Кубер-Педи аталатын қала жылтыс тастардың (опал) астанасы саналады. Бұл жерде әлемдік қордың шамамен 30% шоғырланған. Ал аймақтың Кубер-Педи атауы «жер астындағы ақ адам» деген мағына береді.

Ауа райының қолайсыздығы, яғни ыстық пен шаң кесірінен тұрғындар қазылған шахталарға қоныстана бастайды. Ішін сәндеп, түрлі жөндеу жұмысын жасау арқылы тұруға қолайлы етіп алады. Тіпті қаладағы инфрақұрылым да жақсы дамыған. Тек ауыз су тым қымбат.

Қалада жер асты шіркеу мен зират бар. Кубер-Педи бүгінде Аустралиядағы танымал туристік орындардың бірі.