Психикалық ауытқуы бар ең қымбат суретші туралы не білесіз?

94 жастағы Яёи Кусама дәулетті отбасында дүниеге келеді. Бала кезінен суретпен айналыса бастайды. Бірақ отбасы оның бұл қызығушылығына қарсылық танытады. Ол 30 жасында өз отбасынан түбегейлі бас тартып, АҚШ-қа көшіп кетеді. Нью-Йоркте оның бағы ашылады. Ерекше стилімен көзге түскен суретші сән әлемінде танымал болады.

Кусама 1977 жылы Жапонияға оралып, психиатриялық емханаға жатады. Ол түрлі галлюцинациялар көреді әрі жиі жүйкесі сыр береді. Сонда да сурет салуды тоқтатқан емес. Кусама емхананың жанынан өзінің студиясын ашады және күнде бірнеше сағатқа сол жерге барып жұмыс істейді.

2018 жылы Токиода суретшінің мұражайы ашылды. Ол әлемдегі ең қымбат суретшілердің тізіміне кіреді. Кусаманың “Нөмір 28-ші ақ” картинасы бәссаудада 7,3 млн долларға сатылды. Бүгінде ол Louis Vuitton сән үйіне арналған коллекциялар дайындайды.