Малбазарға барып, ақшасын тонатып алған қарияның оқиғасы жұртты тебірентті

Оның қалтасында ас беремін деп жинаған 120 мың сомы болған екен. Бірақ ақшасын ұрылар сол мезетте қолды қылған. Бұл теңгеге шаққанда 600 мыңнан асатын сома.

Оқиға қырғыздың Тоқмақ қаласында болған. Шарасы таусылып, көзіне жас алған ақсақалды көрген базардағы жұртшылық оған көмектесуді ұйғарыпты. Әркім мүмкіндігінше қаражат қосып, сол арада 115 500 сом жиналған. Сонымен қоймай, базардағылар ақсақал аламын деп келген жылқыны да тауып берген. Желі қолданушылары қырғыздардың бұл ауызбіршілігіне тәнті болып жатыр.