Тарихтағы ең күлкілі соғыс

Аустро-түрік соғысы кезінде шайқас Карансебеш қаласында болуы керек еді. Патша Иосиф II  басқарған Аустрия әскері ұрыс болатын жерге түріктерден бұрын жетеді. Атты әскер жолда сығандардан бірнеше бөшке шарап сатып алады.

Біраз уақыттан кейін жаяу әскер де келеді. Олар шарапты бөлісуді сұрайды, ал  атты әскер бас тартады. Сондықтан жаяу әскер оны күшпен тартып алмақ болады. Нәтижесінде екі тарап арасында дау басталады.

Кейін қатарға қосылған Аустрия әскерінің басқа бөлімдері не болып жатқанын түсінбейді. Олар түріктермен шайқас басталып кетті деп ойлап, оқ жаудырады.

Жаяу әскер өзендегі көпірге қарай қашады. Ескі көпір сонша көп жауынгерді көтере алмай, опырылады. Біразы суға кетіп, аман қалғаны жан-жаққа бытырайды. Ұрыс даласында шамамен 10 мың жауынгердің денесі қалады.

Түрік әскері тек екі күннен кейін ғана келеді. Олар жауларының жансыз сарбаздарын көріп таң қалады. Кейін Карансебеш қаласын қиындықсыз басып алады.